KazFelTec өндірістік желісі Cormatex® (Италия) жабдықтары негізінде құрылған және тоқыма емес материалдарды шығарудағы озық жүйелердің бірі — Airlay технологиясын қамтиды.
Ірі қоспаларды жою, шикізатты өңдеуге дайындау.
Талшықты қопсыту, қылшықтарды және минералдарды қоспаларды кетіру.
5 камералы жүйемен жуу, үздіксіз кептіру процесі. Дайын талшықты шығару – ауысымына 2 тоннаға дейін. Судың 94 %-ы қайта айналымға жіберіледі.
Талшықтарды араластыру, аэродинамикалық төсеу, әрі қарай термиялық бекіту немесе ине сұғу арқылы тығыздау.
Тығыздықты калибрлеу, кесу, орамдарға, төсеніштерге немесе плиталарға орау.